Жарғы

Павлодар облысы

                                                                                          қаржы басқармасының

                                                                                       2016 жылғы 27 қазандағы

№532 бұйрығымен бекітілген

 

«Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту

орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің

ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.«Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) ұйымдастыру-құқықтық нысанда құралған мекеме заңды тұлға беделіне ие, коммерциялық емес ұцым болып табылады.

2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

  1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» №292/7 қаулысымен сәйкес құрылған.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі атауы: «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі атауы: коммунальное государственное учреждение «Павлодарский областной центр реабилитации лиц с ограниченными возможностями».

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Сүлейменова көшесі, 12-үй.

 

  1. Коммуналдық мемлекетік мекеменің заңды мәртебесі

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға ие болады.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Коммуналдық мемлекеттік мекеменің дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра ала алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің қол астындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында ақшаның жетіспеушілігі болған кезде оның міндеттемелері бойынша жәрдемшілік жауапкершілікті әкімшілік-аймақтық бірлік облыстық бюджет қаражаттарымен береді.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мекемесінің аймақтық бөлімшелерде міндетті түрде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме

қызметтің мәні мен мақсаттары

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: облыс тұрғындарын оңалту, тұрғындардың медикалық-психологиялық оңалтылуын қамтамасыз ету, заң тәртібінде берілген лицензияға сәйкес және бекітілген медициналық әрекет түрлерімен, стационарлық, медициналықкөмек көрсету.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) Павлодар облысының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларына білікті медициналық оңалту көмегін көрсету (қалпына келтіру мен медициналық оңалту).

2) жарақаттарға, жұлын ми және омыртқа ауруларына, бассүйек-ми инсульт салдарына, жұлын ми жарықтары мен дискілер жарақаты, жұлын мидың қатерсіз ісіктеріне мамандандырылған.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қыызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1)денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру;

2)тегін медициналық көмегінің кепілді көлемінің шегінде облыс тұрғындарын консультативтік-диагностикалық, стационарлық, амбулаторлық және оңалту көмегімен қамтамасыз ету;

3)ғылыми дәлел медицина негізінде медициналық оңалту көмегін көрсету стандарттарын, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметін қалпына келтіру емдеулерінің және медициналық оңалтудың тиімді ұйымдастыру формаларының, диагностикалаудың және емдеудің инновациялық әдістерін енгізу;

4)зақымдалған ағзалар немесе жүйелердің бұзылған және жоғалған функцияларының кешендерін толық немесе жарым-жартылай қалпына келтіру;

5)емделушілердің күнделікті және жұмыс қозғалыс белсенділігіне бейімдеу;

6)қоғамда емделушілерді әлеуметтік шоғырландыру;

7)дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок терапиясы, гемеопатия, гирудотерапия, фитотерапия);

8) статистикалық есепті (қабылдау саны көрсетілген медициналық қызметтердің және басқалардың саны) ұйымдастыру, облыс тұрғындарына оңалту көмегін мониторингілеу және талдау;

9) облыс тұрғындарына медициналық қызметтерді Қазақстан Респубдикасының заңнамасына сәйкес көрсету;

10) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

11) Коммуналдық мемлекеттік мекеме әрекетін инновациялық технологияларды енгізу жолымен, медициналық жабдықтарды сатып алу, персоналдардың біліктілік деңгейін арттыру, қызметтердің мәні мен мақсаттары бойынша үкіметтік емес, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынасты дамыту және жетілдіру;

12) Осы Ережеде бекітілген  Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілерді жасауға құқылы емес.

Осы Жарғыда бекітілген Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға,  сондай-ақ мәмілерді жасауға тыйым салынады.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жасалынған мәмілесі Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жергілікті атқарушы органның, басқару органның, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

 

  1. Жалпы Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшылығын іске асыратын орган Басқару органы.
  2. Жергілікті атқарушы орган келесі функцияларды іске асырады:

1) Коммуналдық мемлекеттік мекемені құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;

3) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктерін құруға келісімін береді;

4) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

5) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртәпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бюджетінен қаржыландырылатын жеке жоспарын бекітеді;

2) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкінің сақталуын бақылауды іске асырады;

3) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғысына бекітуге, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге ықпалын енгізеді;

4) Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздемесін анытайды;

5) Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы өзінің орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындау  және қызметтен босута туралы ұсынады;

6) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шектік штаттық санын бекітеді;

7)жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

8) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге тапсырылған немесе жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде олармен сатып алынған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу туралы облыстық коммуналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органға келісімін береді;

9) жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және таратуды іске асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Коммуналдық мемлекеттік мекемеге басшысы Басқару органымен лауазымына тағайындылады және лауазымынан босатылады.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Коммуналдық мемлекеттік мекемеге басшысы Басқару органына тікелей бағынады, Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысы ұйымдастырады және басшылық етеді және өз функцияларын Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттеріне жеке жауапкершілік етеді және іске асырады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы Коммуналдық мемлекеттік мекеменің іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде:

1) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүдделерін мемлекеттік органдарына, басқа да ұйымдарда ұсынады;

3)шарттар жасасады;

4)сенімхаттар береді;

5)іссапарлар, сынақтар, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында және қызметкерлердің басқа біліктілігін арттыру түрлерімен қызметкерлерді оқыту бойынша Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тәртібі мен жоспары бекітеді;

6) банктік шотар ашады;

7)барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Коммуналдық мемлекеттік мекеме, тек қана Басқару органы тағайындаған қызметкерлерден басқасын қызметкерлерін  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру және тәртіптік жаза шараларын қолданады;

10) Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы жарғыда және Басқару органында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасынан Коммуналдық мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы орган арасындағы қарым-қатынас реттеледі.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және Басқару органның өзара қатынастары Қазақстан Республикасының әрекетті заңнамасымен реттеледі.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және оның еңбек ұжымының өзара қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Ұжымдық шартпен анықталады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме

мүлкінің пайда болу тәртібі

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі, құны оның теңгерімінде көрсетілген, заңды тұлғалардың активтері құрайды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі:

  • оған меншік иесі берген мүлік;
  • өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне тіркелген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өздігінен беруге немесе басқа да тәсілдермен өкім етуге құқықсыз.
  2. Егер де Қазақстан Республикасының заңдарымен Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің кіріс әкелген жағдайда, осындай қызметтен түскен қаржы бюджетке аударылуы тиесілі.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қосымша қаржыландыру көзі бекітілген жағдайда, жергілікті атқарушы органның бюджетінен қаржыландырады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
  5. Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасында мемлекеттік органдармен Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия және тексеріс жүргізіледі.

 

  1. Коммуналдық мемлекетік мекеменің жұмыс режимі

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қайшы болмауы тиіс.

 

  1. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырларды жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелінеді.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені

қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

9.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдері

туралы мәлімет

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдері жоқ.

 

 

Басшы                                                                  Е. Нұрсейітов

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа