Емделушіні қолдау қызметінің

«Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» КММ Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 58 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №173 «Медициналық қызметтер сапасының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде Медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау мен емделушілерді қолдау қызметі құрылды.

Бас дәрігер бұйрығымен қызмет құрылымы мен құрамы бекітілді. Сол бұйрыққа сәйкес Қызметті емдеу сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігер орынбасары басқарады.

 Мақсаты:

  • Емделушіні уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қажетті көлемде қамтамасыз ету;
  • «Осында және қазір» принципі бойынша емделушінің шағымын жылдам шешуін қамтамасыз ету.

Міндеті: Медициналық көмек көрсету сапасын басқару бойынша орталық бөлімшелерінің қызметін бақылау.

Функциялары:

-Ішкі индикаторларды қолдану, денсаулық сақтау саласына қатысты стандарттарды енгізу, бөлімшелердің өз процесстері мен шараларын бағалау жұмыстарының тиімділігін анализдеу;

-Орталық ішіндегі комиссия жұмыстарын анализдеу;

-Анализ барысында анықталған проблемалар жөнінде, басқарманың сәйкестелген шешімін орындау мақсатымен  басшыға ақпарат ұсыну:

-Медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөнінде персоналға әдістемелік көмек көрсету және үйрету;

-Қызметкерлердің пікірлерін қарастырып және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру шаралары туралы персоналды ақпараттандыру;

— Медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау;

-Емделушілердің проблемаларын (шағымдарын) 5 күнтізбелі күн аралығында шешіп, сауалнама өткізу арқылы емделушілердің медициналық қызмет сапасы және деңгейімен қанағаттандырушылық дәрежесін қарастыру.

-Кадр және материалдық-техникалық ресурстарын қолдану тиімділігі мен жағдайын бағалау

-Денсаулық сақтау саласының белгіленген стандарттарына (клиникалық аудит) сәйкестігіне емделушілерге медициналық көмек көрсету технологиясын бағалау және комиссиялық бағалауға қатысты жағдайларды тандау

-Кодекстің 7 бабы 1т. 77п. сәйкес бекітілген тегін кепілді медициналық көмек көлемін көрсету қағидасын сақтау

-жұмыста ақау жіберу жағдайларын алдын алу және жоюына және  медициналық қызметті көрсету тиімділігі мен сапасын арттыруына жағдай жасайтын бағдарламалық шараларын даярлау.

Құрметті емделушілер

     Егер:

-медициналық қызмет көрсету сапасы көңілізден шықпаса;

-медициналық қызметкерлері дөрекілік көрсетсе;

-тегін медициналық көмек көрсету кепілді көлемінің шеңберінде медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақша алу дерегі орын алса;

-медициналық көмек көрсету сапасы мен тәртібіне байланысты басқа да мәселелер бойынша Медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау мен емделушілерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Қызметті емдеу сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігер орынбасары

Арынова Перизат Турсыновна басқарады.

Әкімшілік, 2 қабат, сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00-ге дейін.

Өтініштеріңізді өзіңізге ыңғайлы нысанда қабылдаймыз:

  • Сенім телефоны арқылы ; 8 (71838) 91-7-05, 91-7-01
  • Аурухананың сайты арқылы:
  • Электронды пошта арқылы: may.centr.reb@mail.ru
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа